×

Түркістан облысында ондаған көлік қар құрсауында қалып қойды

26 адам құтқарылды

 Халық үні 20.01.2022 | 15:00

2022 жылғы 20 қаңтарда «112» қызметіне Созақ ауданы Шолаққорған ауылынан 70 шақырым жерде «Ұланбел-Созақ-екпінді» облыстық маңызы бар автожолының жабық учаскесінің 577-642 шақырымында жолаушылары бар 13 жүк және 9 жеңіл автомобильдің қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама түсті.

Төтенше жағдай орнына келген құтқарушылар мен полиция қызметкерлері автокөліктің бәрін сүйреп шығарды. Көліктегі 26 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарып, Шолаққорған ауылына жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 1 техника, Түркістан облысы Полиция департаментінен 8 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.

Атап өтсек, сағат 00-20 - 04-30 аралығында Созақ ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты 577-642 шақырымдағы «Ұланбел-Созақ-екпінді» облыстық маңызы бар автожолы жабылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама