×

Талдықорған мешітінде имамды соққыға жықты

Имам дәрігерлер мен полицейлердің көмегіне жүгінген

 Халық үні 01.07.2022 | 22:36
фото: ашық дереккөзден

Талдықорғанда мешітте төбелесіп, имамды соққыға жыққан деструктивті діни ағымның жақтаушысы ұсталды, деп хабарлайды Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Дін қызметкері мен келушілердің бірі арасындағы оқиға маусым айының басында болған. Діни рәсім кезінде исламның дәстүрлі емес бағытын ұстанатын бір топ ер адам имамға кедергі келтіріп, бірнеше рет ескерту алған.

Осыдан кейін имам мен тәртіп бұзушылардың бірі ерегісіп, ер адам дін қызметкерін соққыға жыққан.

Имам дәрігерлер мен полицейлердің көмегіне жүгінді.

Тәртіп сақшылары 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша кінәлі деп танылды.

Талдықорған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам жеті тәулікке қамауға алынды. Құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама