×

Алматы облысында қария жас келіншекті зорлады деген күдікке ілінді

Қария өзіне тағылған айыппен келіспей отыр

 Халық үні 01.07.2022 | 18:40
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында жас келіншекті зорлады деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер ұсталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Аталған оқиға Райымбек ауданында тіркелген. Құзырлы органның мәліметінше, бұған дейін аудандық полиция бөліміне 31 жастағы ауыл тұрғыны жүгінген. Келіншектің сөзінше, осыдан бір ай бұрын көрші ауылдан қайтарда «Жигули» көлігінің жүргізушісі оған зорлық көрсеткен.

Полицейлер аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 65 жастағы такси жүргізушісі ұсталған. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтқан.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша бірнеше сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция егер айыпталушының кінәсі дәлелденбесе, жалған ақпарат берген жәбірленушінің өзі қылмыстық жауапкерішілікке тартылуы мүмкін екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Аталарының атына көше сұрайды»: Астанада көше атауына кімдердің есімі беріліп жатыр

Басқарма басшысы көше атауына лобби жасайтындар бар екенін айтты
31.03.2023 | 16:40

Алматыда кептеліс мәселесін шешу жолдары ұсынылды

Қаланың бас полицейі тұрғындар алдында есеп берді
31.03.2023 | 16:35

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
31.03.2023 | 16:25

Елімізде 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр

Еңбек инспекторлары 241 кәсіпорынның қарызын анықтаған
31.03.2023 | 16:06