×

Қызылорда облысында 15 адам Конго-Қырым безгегіне шалдыққан

Науқастардың көбі дертін асқындырып, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген

 Еркеғали Болатұлы 01.07.2022 | 14:37
фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында кенеден келетін кесел өршіп тұр. Зиянкестерден жапа шеккен 15 адам Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққан. Бұл туралы бүгін Qazaqstan телеарнасы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, науқастардың көбі дертін асқындырып барып медициналық көмекке жүгінген. Яғни, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Өлім-жітім жағдайы тіркелмеген.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының қоздырғышын тасымалдайтын 16 түрі бар. Экзотты кенелердің 16 түрі бар. Оның 4-еуі Түркістан облысына тиесілі. Бүгінде малдың миграциясы осы екі облыс ортасында өте жоғары. Соның салдарынан экзотты кенелердің түрлері де жылдан жылға өсіп келе жатыр, - дейді Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Жалпы өңірде кененің ошағы ретінде 116 елді мекен анықталған. Көктемде далалық жерлер мен қора-қопсыларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілгенмен, дәл қазір одан айтарлықтай нәтиже болмай тұр. Ал мамандар тұрғындарды далалық жерде сақ болып, кене шаққан жағдайда дереу дәрігер көмегіне жүгінуді сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама