×

Нұрлан Нығматулиннің ұлдарының зауытында тағы 2 жұмысшы қаза тапты

Олардан бөлек, 3 адам түрлі дене жарақатын алған

 Еркеғали Болатұлы 01.07.2022 | 13:22
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында өндіріс орынында екі жұмысшы қаза тапты. Олар «Қаратау кен өндіру» комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеп жатқанда құрылғы іске қосылып кеткен.

Нақты айтқанда, оқиға кеше кешке Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары бақылайтын «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар өндіру зауытының Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болған. 1987 және 1994 жылы туған дәнекерлеуші және слесарь оқиға орнында бірден көз жұмған. Олардан бөлек, 3 адам түрлі дене жарақатын алған. Әзірге оқыс оқиғаға қатысты одан басқа дерек жоқ.

Қазір аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды: соңғы мәліметтер жарияланды

Бүгін жергілікті уақытпен түнгі сағат 03:22 Түркияда тағы да 4 балдық жер сілкінісі болды
08.02.2023 | 07:50

Түркияда үйінді астынан кішкентай қыз 7 сағаттан соң еңбектеп шықты

Кішкентай қыздың құтқарушыларға қарай еңбектеп келе жатқаны видеоға түсірілген
08.02.2023 | 06:45

Ақмола облысында 23 жастағы жігіт өзін-өзі атып тастады

23 жастағы жігіт өз үйіндегі қорада аңшы мылтығымен өзін-өзі атып тастаған
08.02.2023 | 00:50

«Қазақстанда 9 балға дейін жететін жер сілкінісі болуы мүмкін»: сейсмолог қауіпті аймақтарды атады

Шығыс Қазақстан облысынан Қызылорда облысына дейін сейсмикалық қауіпті аймақтар бар, ол жерде дүмпулер 7-9 балға дейін жетуі мүмкін.
07.02.2023 | 23:55