Halyq Uni логотип
×

Нұрлан Нығматулиннің ұлдарының зауытында тағы 2 жұмысшы қаза тапты

Олардан бөлек, 3 адам түрлі дене жарақатын алған

 Еркеғали Болатұлы 01.07.2022 | 13:22
Нұрлан Нығматулиннің ұлдарының зауытында тағы 2 жұмысшы қаза тапты
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында өндіріс орынында екі жұмысшы қаза тапты. Олар «Қаратау кен өндіру» комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеп жатқанда құрылғы іске қосылып кеткен.

Нақты айтқанда, оқиға кеше кешке Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары бақылайтын «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар өндіру зауытының Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болған. 1987 және 1994 жылы туған дәнекерлеуші және слесарь оқиға орнында бірден көз жұмған. Олардан бөлек, 3 адам түрлі дене жарақатын алған. Әзірге оқыс оқиғаға қатысты одан басқа дерек жоқ.

Қазір аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама