Halyq Uni логотип
×

20 жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Ол Павлодар қаласында қолға түсті

 Халық үні 20.01.2022 | 13:40
20 жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды
фото: ашық дереккөзден

18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген адам Павлодарда ұсталды.

Қазақстанның 59 жастағы азаматы 2003 жылғы шілдеде Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті деген күдікке ілініп отыр.

Сол кезде ер адамды Ресейдің ФСБ қызметкерлері ұстады. РФ қылмыстық кодексінің 322-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Алайда сол кездегі 40 жастағы адам Қазақстанға кетіп қалған. Осы жылдар ішінде іздестіріліп жатқан қылмыскер Павлодар қаласында тұрды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті.

Азаматтың мемлекетаралық іздеуде екендігін жедел уәкілдер Ресей Федерациясындағы әріптестерінен білді.

Атап өтсек, полиция тұрақты негізде қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша, павлодарлық жедел уәкілдер 103 қылмыскерді іздестірді, хабар-ошарсыз кеткен 88 азаматтың мекенжайы анықтады. Биыл жедел уәкілдер екі қылмыскерді ұстады және хабар-ошарсыз кеткен үш адамның орналасқан жерін білді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама