Halyq Uni логотип
×

Қаңтар оқиғасына қатысты тағы 3 адам сотталды

Айыпталушылар істеріне өкінгендерін айтып, келтірілген залалды өтеді

 Дастан Жұмабекұлы 01.07.2022 | 13:15
Қаңтар оқиғасына қатысты тағы 3 адам сотталды
Көрнекі фото

Қаңтарда Семей қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 3 адам сотталды.

Оларға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, істері сотқа берілді. Күдіктілер ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасаған («жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу», сондай-ақ, «билік өкіліне қатысты күш қолдану») деп айыпталып отыр.

Семей қаласының №2 соты күдіктілер мен Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы арасында жасалған процестік келісімге сәйкес, сондай-ақ, ізгілік қағидаттарын басшылыққа алып, күдіктілердің істеріне толық өкінгендері, келтірілген залалды өтегені ескерілді.

Сотталғандардың кінәсі негізінен қылмыс жасалған жердегі бейнежазбалармен, куәгерлердің көрсетпелерімен, сондай-ақ алынған заттай айғақтармен дәлелденді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама