×

Қазақстанның ешқандай мемлекетпен аумақтық дауы жоқ – Сыртқы істер министрі

Көрші елдермен шекара мәселесі шешілген

 Дастан Жұмабекұлы 01.07.2022 | 13:04
Көрнекі фото

Сыртқы істер министрі  Мұхтар Тілеуберді  «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі Қазақстан Республикасы» атты халықаралық конференцияда Қазақстанның көршілес елдердің бәрімен шекара мәселесін шешіп алғанын, олардың ешқайсысымен аумақтық даудың жоқтығын айтты.

2020 жылдың наурыз айында қабылданған 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасы қазақстандық дипломатияны одан әрі жетілдірудің негізін қалады. Бұл құжат халықаралық аренада ұлттық мүдделерді ілгерілетудің стратегиялық басымдықтары мен тетіктерін айқындайтын негізгі қағидаттарды қалыптастырады. Тұжырымдамада сыртқы саяси курс негіздерінің сабақтастығы – көпвекторлы, тепе-теңдік, прагматизм және ұлттық мүдделерді қорғау сақталады, - деді министр.

Ол Қазақстан бұрынғы КСРО республикаларының ішінде алғашқылардың бірі болып мемлекеттік шекараны оның бүкіл ұзындығы бойымен ресімдегенін және бүгінде көршілес елдердің ешқайсысымен аумақтық дауы жоқ екенін атап өтті.

Сонымен бірге министр еліміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы тарихи оқиға болғандығын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама