Олар 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген
Тергеу барысында Вильгельм Легин мен Сергей Рыжаков деген азаматтардың жалған 13 компанияны құрғандығы анықталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ведомствоның Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактілерінің жолын кескен.
2019 жылдан бастап материалдық пайда табу мақсатында 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан бірқатар фирмаларға жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берілген, - делінген агенттіктің хабарламасында.
Олардың қылмыстық әрекеттерінің кесірінен мемлекетке салықтар түрінде 2 млрд теңге төленбеген.
Сот екеуіне кінәлі деген шешім шығарып, Вильгельм Легин мен Сергей Рыжаковты 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарды.