×

Павлодарда жалған компаниялар құрған азаматтар сотталды

Олар 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген

 Дастан Жұмабекұлы 01.07.2022 | 12:16
Көрнекі фото

Тергеу барысында Вильгельм Легин мен Сергей Рыжаков деген азаматтардың жалған 13 компанияны құрғандығы анықталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша,  ведомствоның Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактілерінің жолын кескен.

2019 жылдан бастап материалдық пайда табу мақсатында 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан бірқатар фирмаларға  жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берілген, - делінген агенттіктің хабарламасында. 

Олардың қылмыстық әрекеттерінің кесірінен мемлекетке салықтар түрінде 2 млрд теңге төленбеген.  

Сот екеуіне кінәлі деген шешім шығарып, Вильгельм Легин мен Сергей Рыжаковты 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама