×

Ақтөбе полициясына жергілікті тұрғынның өз қыздарын зорлағаны туралы арыз түсті

Полицейлер мен күдіктінің адвокаты «бұның бәрі екі қыздың ойдан шығарған өтірігі болуы мүмкін» деп топшылап отыр

 Еркеғали Болатұлы 01.07.2022 | 12:10
фото: ашық дереккөз

Ақтөбелік азғын әке 14 және 20 жастағы екі қызына бірнеше жылдан бері жыныстық зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Бұл туралы Немолчи.kz Facebook парақшасында айтылды.

Өзінің туған әкесі үлкен қызына 6-7 жастан бастап жыныс мүшесін ұстатып, басқа да азғындық әрекеттер жасаған көрінеді. Ал кішісін 10-11 жастан бастап зорлаған. Ол кіші қызын зорлағаннан кейін үлкені 22 маусымда полицияға арыз түсірген. Ол әкесінің 3 рет, оның ішінде зорлау және бұзақылық үшін 2 рет сотталғанын жазыпты.

Анасының айтуынша, күйеуі туысқанын да зорлаған. Сондай-ақ ол мас болып келіп, балаларды ұрып-соғып, тіпті үлкен қызын белбеуімен тұншықтырған.

Ал Ақтөбе қаласының полиция басқармасы күдіктіні қамауға алуға әлі асығар емес. Керісінше, жәбір көрдік деген отбасына дағдарыс орталығына баруды ұсынған. Сонымен қатар, полицейлер мен күдіктінің адвокаты «бұның бәрі екі қыздың ойдан шығарған өтірігі болуы мүмкін» деп топшылап отыр екен. Өйткені үлкен қызы әкесін жақтырмаған соң, кішісін де солай ойлауға азғырған болуы ықтимал деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама