×

Елімізде Artsport жобасы жабылмайтын болды

Министр мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, өзекті сұрақтарға жауап берді

 Қанат Атаманов 30.06.2022 | 23:30
Фото: ашық дереккөздерден

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті. Министр мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, өзекті сұрақтарға жауап берді.

«Сұрақ-жауап» сессиясы аясында министрге маңызды сұрақтар қойылды. Олардың басым бөлігі мәдениет саласына және спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыруға қатысты болды. Дәурен Абаевтың айтуынша, балалар спорт секцияларын қаржыландыруды көздейтін Artsport жобасы жабылмайды. Балалар мен мердігерлерге арналған ережелерді қатайтатын өзгерістер енгізу жоспарланып отырғанын, тек талаптарға түзетулер енгізілетінін жеткізді.

Дәурен Абаев басқа да өзекті мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, ол өткен жылы мегаполисте 9 мәдениет нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. Биыл тағы 10 нысан жөндеуден өтіп жатыр. Айта кетерлігі, Шымкетте Конгресс холл мен Оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде.

Халықпен кездесуден кейін Дәурен Абаев азаматтарды қабылдады. Кездесуге 500-ге жуық адам қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама