Оқиға 27 маусым күні кешкі сағат 20.15-те «Құрылысшы» шағынауданында болған
Батыс Қазақстан облысында қайғылы оқиға орын алды. Орал қаласының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады. Оныншы қабаттың балконынан секірген 24 жастағы келіншек оқиға орнында көз жұмды.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 27 маусым күні кешкі сағат 20.15-те «Құрылысшы» шағынауданында болған. Әйелдің мүрдесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін моргке жіберілді.
Аталған іс өз-өзіне қол жұмсау фактісі ретінде тіркелді.