Қайғылы оқиға Қостанай облысындағы Әйет боксит кенінде болған
Қайғылы оқиға Қостанай облысындағы Әйет боксит кенінде болған. Екі жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан жүргізуші көз жұмды.
Екі жүк көлігінің соқтығысуы кезінде жүргізушілердің бірі ауыр дене жарақатын алып, көз жұмды. Компания ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады. Жерлеу рәсімін ұйымдастыру бойынша көмек көрсетіледі, - делінген Краснооктябрь боксит кен басқармасының баспасөз қызметіның хабарламасында.
Аталмыш факті бойынша тергеу басталды.