×

Талдықорғанда дауыл көтеріліп, 59 жастағы тұрғынның үстіне ағаш құлады (ВИДЕО)

Ер адам басынан жарақат алған, миы шалқалған

 Қанат Атаманов 30.06.2022 | 20:30
Фото: видеодан скриншот

1963 жылғы науқас 30 маусым күні сағат 16.31 шамасында ауруханаға түсті. Ер адам басынан жарақат алған, миы шалқалған. Науқастың жағдайы бірқалыпты болғандықтан тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді, - делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, бүгін Талдықорғанда қатты жел соғып, аялдамада тұрған адамның үстіне ағаш құлаған. Сондай-ақ, бірнеше нысанға зақым тиген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама