×

Алматы әкімдігі лифтің 25-қабаттың төбесіне соғылу оқиғасына қатысты түсінік берді (ВИДЕО)

Бұл оқиға жұмыс тәртібінде қаралып, жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады

 Қанат Атаманов 30.06.2022 | 19:30
Фото: видеодан скриншот

Қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға 29 маусымда Кекілбайұлы көшесі, 264-үй мекенжайында орналасқан Mega Towers тұрғын үй кешенінде болған. Лифт 25-қабатқа қатты жылдамдықпен көтеріліп, ғимараттың төбесіне соғылды. Ол кенеттен тоқтаған кезде кабинада болған ер адам жарақат алған.

Алматы коммуналдық инфрақұрылымын дамыту басқармасының лифт жабдықтарын бақылау бөлімінің мамандары осы мекенжайға барды. Лифтке визуалды тексеру жүргізілді және қызмет көрсететін ұйыммен бірге болған оқиғаның себептері талқыланды. Бұл оқиға жұмыс тәртібінде қаралып, жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады, - деді әкімдік өкілдері.

Қала әкімшілігінің мәліметінше, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 2-бабы 14-тармағына сәйкес, лифтер - ортақ мүлік, оны ұстау ауыртпалығын қызмет көрсететін басқару органы мен тұрғындар бірлесіп көтереді.

Әкімдік өкілдері Sigma маркалы лифтің 2008 жылдан бері пайдаланылып келгенін хабарлады. Сондай-ақ, олар қызмет көрсететін ұйымның жұмысы қанағаттандырмаған жағдайда, тұрғындар жиналыста оны ауыстыру немесе басқарудың жаңа нысандарының бірін таңдау туралы мәселе қозғай алатынын айтты.

Қазір Бостандық ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Mega Towers лифтісінің өздігінен қозғалу фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Түркиядағы жер сілкінісінен волейболшы ерлі-зайыпты қайтыс болды

Түркияның Кахраманмараш қаласындағы жер сілкінісі салдарынан волейболшы Бетюль Чобан Чакыр мен оның жолдасы Бедреддин Чакыр қаза тапты
08.02.2023 | 08:40

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды: соңғы мәліметтер жарияланды

Бүгін жергілікті уақытпен түнгі сағат 03:22 Түркияда тағы да 4 балдық жер сілкінісі болды
08.02.2023 | 07:50

Түркияда үйінді астынан кішкентай қыз 7 сағаттан соң еңбектеп шықты

Кішкентай қыздың құтқарушыларға қарай еңбектеп келе жатқаны видеоға түсірілген
08.02.2023 | 06:45

Ақмола облысында 23 жастағы жігіт өзін-өзі атып тастады

23 жастағы жігіт өз үйіндегі қорада аңшы мылтығымен өзін-өзі атып тастаған
08.02.2023 | 00:50