Ақмола облысында шенеунік пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев 10 жылға сотталды.
Сондай-ақ оған соттың шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Ол 2020 жылы серіктестіктерін көктемгі-күзгі дала жұмыстарына облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін берілген арзан дизель отынын жеткізуге көмектесіп, 30 000 000 теңгеден 13 847 430 теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сотта үкімді жария етуге облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ұжымының қатысты.