×

Маңғыстаулықтарға кемінде 500 мың теңге айлық төлейтін жұмыс ұсынылды

Олар бір ай жұмыс істеп, бір ай демалады

 Дәурен Ерболат 30.06.2022 | 17:47
Фото: e100online.ru

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Маңғыстау облысындағы жұмыссыз тұрғындарға ресейлік компанияға жұмысқа тұруға көмектесіп жатыр, деп хабарлайды kmg.kz.

«Татнефть» компаниясы 500-ден аса адамды жұмысқа алуға дайын. Оларға бұрғылаушылар, машинистер, слесарьлар, дәнекерлерушілер, жүргізушілер қажет екен.

Компания жұмысшыларды Орал және Ақтөбе қалаларынан жұмыс орнына дейін көлікпен жеткізеді, жатақхана береді әрі оқытады.

Оларға вахта әдісімен жұмыс істеу ұсынылып отыр. Бір ай жұмыс істеп, бір ай демалады. Жұмысшыларға лайықты жалақы төленеді. Мысалы, ұңғыманы бұрғылау және күрделі жөндеудегі орташа еңбекақы – 78,5 мың рубль (714 350 теңге, 1 рубль – 9,1 теңге), ал механикалық жабдықты жөндеу саласында – 52,5 мың рубль (477 750 теңге), көлік жүргізушілерінің жалақысы – 55 мың рубль (500 500 теңге). Орташа жалақы вахтада болатын кезеңдегі және вахтааралық демалысқа берілетін жалақы қоса есептелген, - деп жазылған компания таратқан хабарламада.

Үміткерлерді іріктеу және тестілеуді Ақтаудағы «Татнефть» компаниясының өкілдері жүргізеді.

Бүгінде Маңғыстау облысында 500-ден аса үміткер жұмысқа тұруға өтініш берген. Оның 178-і іріктеуден өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама