×

«Әулетке қызмет ететін қыз болса»: Бағдат Әшімова 85-тегі күйеуінің тоқал алуына қарсы емес

Шын берілген адамды сүйіп жатса, рұқсат беретін едім дейді

 Еркеғали Болатұлы 30.06.2022 | 16:54
фото: ашық дереккөз

Даңқты актер Асанәлі Әшімов қазіргі зайыбы Бағдат Әшімовамен отау құрған кезде 66 жаста болған. Жасына әрі ата-анасының қарсылығына қарамастан, 31-дегі Бағдат отбасынан айырылып, жүрегі жараланған ақсақалға демеу болғысы келген. Қазір екеуінің бірге өмір сүріп келе жатқанына 19 жыл толып отыр. Араларында Асанәлі есімді 1 ұл бар.

Енді міне, Бағдат Әшімова 85 жастағы күйеуінің тағы бір әйел алуына қарсы емес. Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтты.

«Бұрын апаларымыз тоқалды өздері алып беріп отырған ғой. Ол бәйбішеге мойын бұратын, сол әулетке қызмет ететін қыз бала болып жатса, неге алмасқа? Менен жақсысын тауып жатса, менен жақсы Асекеңнің жағдайын жасайтын, шын берілген адамды сүйіп жатса, рұқсат беретін едім», – дейді Бағдат Әшімова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама