Алматы тұрғындары 4,8 млрд теңге көлік салығын төлемей жүр
Соңғы 10 күнде 112 көлік айыппұл автотұрағына алынған
Алматыда «Салық берешегі жоқ қала» акциясы өтіп жатыр. Оның мақсаты – көлік бойынша салық берешегін мәжбүрлеп төлету.
Борышкерлер көлігін «Сергек» бейнекамерасы арқылы іздеп табады. Ал жеке басы анықталған жүргізуші қарызын толық өтегенше, көлігі айыппұл тұрағында тұрады.
Полиция мәліметінше, соңғы 10 күнде 112 көлік айыппұл автотұрағына алынған. Нәтижесінде бюджетке 200 миллион теңгеден аса кіріс түсіпті. Ал қазір қала тұрғындарының көлік салығы бойынша жалпы қарызы – 4,8 млрд теңге.