×

Сәтбаев қаласында 28 жастағы жігіт күзетшінің 300 теңгесін тартып алған

Күзетші ғимаратқа кіргізген соң ол тапаншасын алып, ақша беруді талап еткен

 Еркеғали Болатұлы 30.06.2022 | 15:40
фото: ашық дереккөз

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында металл қабылдау пунктіне шабуыл жасалды. Бейтаныс азамат күзетшіні тапаншамен қорқытқан деп хабарлады Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 24 маусым күні сағат 02:30-да Сәтбаев қаласының полиция бөліміне металл қабылдау пункттерінің біріне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына бірден құқық қорғаушылар аттанған.

57 жастағы күзетші белгісіз біреу келіп, металл қабылдау пунктіне өткізу үшін бұйымдар алып келгенін айтқан. Күзетші ғимаратқа кіргізген соң ол тапаншасын алып, ақша беруді талап еткен. Жәбірленуші барлық ақша кешкі уақытта өткізілген соң кассаның бос тұрғанын айтқан. Сол сәтте ер адам оның телефоны мен 300 теңгесін алып, көзден таса болған, - деп хабарлады полицейлер.

Күзетшінің көмегімен күдіктінің фотороботы жасалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында 28 жастағы күдікті қолға түскен. Ол өз кінәсін мойындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама