СҚО-да 130 мың теңге пара алған әкім ұсталды
Прокуратураның мәліметінше, шенеунік кінәсін мойындаған
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық округ әкімі пара алды деген күдікке ілінді. Облыстық прокуратура бұл ақпаратты растап, оның мән-жайын хабарлады.
Қадағалау органы 26 маусымда Есіл ауданына қарасты Спасов ауылдық округінің әкімі Азамат Жолдаяқовтың 130 мың теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады.
Прокуратураның мәліметінше, шенеунік кінәсін мойындаған. Оған қатысты келу міндеттемесі түрінде мәжбүрлеу шарасы қолданылған. Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.