×

Сауалнама: Қазақстанда ауыл тұрғындарының нақты табысы 35 мың теңге

Сенат депутаты Үкімет жұмысын сынға алды

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Сенатор Ақылбек Күрішбаев Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдап, ауыл проблемаларын шешу бойынша Үкіметтің жұмысын сынға алды.

Депутат Қазақстандағы ауыл тұрғындары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілгенін айтып, оның нәтижесін жариялады.

Статистика деректері бойынша ауылдағы жұмыссыздар саны - 181 мың адам немесе 4,7 пайыз. Біз еліміздің барлық аудандарында ауыл тұрғындары арасында арнайы әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Олардың басым көпшілігі басты мәселе ретінде жұмыстың жоқтығын атады. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, ауыл тұрғындарының нақты табысы айына 35 мың теңгені құрайды. Мұндай ақшаға қалай күн көруге болады? – деді депутат.

Сенатордың айтуынша, жұмыссыздық салдарынан ауыл халқының қалаларға үдере көшу динамикасы артқан. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері көрсеткендей, еңбекке қабілетті халықтың 41 пайызы ауылдардан қалаға көшуді қалайды екен.

Урбанизацияның әлемдік үрдіс екені түсінікті, бірақ оны басқару керек қой. Жақын маңдағы ауылдардан бір сәтте халықтың жаппай көші-қоны басталса, біздің қалаларымызда не болмақ? Егер ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін ешкім қалмаса, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз? Шекаралас аудандар қалай қорғалмақ?, – деді ол.

Депутат бұл мәселенің тек экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси және стратегиялық маңызы барын атап өтіп, ауылдарды дамытуға ірі ауыл шаруашылығы компаниялары белсенді үлес қосуға тиіс екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама