×

«Біреу жұмыс береді деп күтудің керегі жоқ». Еңбек министрі жастарға кеңес берді

Қазақстанның үш мегаполисінде жұмыссыз жастар саны көп

 Дәурен Ерболат 30.06.2022 | 14:26
көрнекі фото: zhaikpress.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыссыз жүрген жастарға кеңес берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жылдың соңына дейін ERG компаниясы 2 мың бос жұмыс орнына жастарды шақырып жатыр. 1320 вакансияға 3500 түйіндеме берілді. 29 маусымда ол аяқталды. Оның нәтижесін шығарамыз. Осындай мекемелердің барлығы жастарды жұмысқа шақырды. Жастар, бәріңіз электронды биржаға кіріңіздер. Бүгінде 70 мыңға жуық бос жұмыс орны бар. Электронды биржаға кіріп, тиісті жұмысты таңдап алуға болады. Маған біреу жұмыс береді деп күтудің керегі жоқ. Биыл 27-29 маусымда бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырдық. Өйткені, оқуын кеш бітірген жастар келіп жатыр. Оған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры да қатысты, - деді министр.

Оның айтуынша, жұмыссыздар саныНұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында көп. Себебі, барлық өңірдегі жастар Қазақстандағы ең ірі үш қалаға (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) ағылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама