Атырауда 5 жасар егіз қыздар үшінші қабаттан құлап кетті
Оқиға болған сәтте анасы көрші бөлмеде болған
27 маусымда Атырау қаласының Нұрсая ықшамауданында 5 жасар егіз қыздар үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
27 маусым күні сағат 22.10-да Атырау облысы Полиция департаментінің жедел кезекшісінен Нұрсая ы/а үйдің 3-ші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 ж.т. егіз қыз балалар құлап кеткендері жөнінде хабарлады. Оқиға болған сәтте анасы көрші бөлмеде болған. Балалар ауыр халде Атырау облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды, – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде балалардың терезеден құлауына қатысты 2 жағдай орын алды, оның ішінде 3 бала түрлі жарақат алған. Бұндай жағдайларға, көбінесе, 5 жасқа дейінгі балалар түсетіні белгілі болды (80% оқиға).