Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысында жерлеу қызметі бірден 60 пайызға қымбаттап кетті

Адамды ақтық сапарға шығарып салу үшін кемінде 300 мың теңге қажет

 Дастан Жұмабекұлы 30.06.2022 | 13:03
Маңғыстау облысында жерлеу қызметі бірден 60 пайызға қымбаттап кетті
Көрнекі фото

Маңғыстау облысында бір рет жерлеу рәсімі 60 пайызға қымбаттады.

31 арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасында хабарланғандай, Маңғыстау облысында адамды ақтық сапарға шығарып салу үшін кемінде 300 мың теңге қажет. Құлпытасты жасайтын мамандар бұған Украинадан келетін гранит тасының қымбаттауы әсер етіп отырғанын айтады.

Маңғыстау облысында бір табыттың құны – 70 мың, ал ең арзан құлпытас – 40 мың теңге. Адамды мәйітханадан алып кетіп қабір қазу құны – 170 мың теңге, көлік жалдау бағасы – 15 мың, мәйітті орайтын мата – 10 мың теңге тұрады. 

Қызмет бағасы Алматы мен Атырау облыстарында да қымбаттады. Ал Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында жерлеу қызметінің құны былтырғы бағаның төңірегінде. 

«Украинадан зат әкелу аса қиынға соғып отыр. Себебі, Украинадан Ресей арқылы келетін жол жабық. Тасты Еуропа, Түркия, Грузия және Әзербайжан арқылы Ақтау портына алып келеміз.

Кәсіпкерлер осы мәселені шешу үшін Үкіметтен бірізге салуды сұрап отыр.

«Қазір шетелден шикізат алатын кәсіп иелері шығынға батқан. Шығынды жабу үшін бағаны көтеруге мәжбүрміз», - деді бизнесмен Қанат Айтжанов телебағдарламаға берген сұхбатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама