×

Әйеліне ерегіскен Өскемен тұрғыны үйін өртеп жіберді

Полицейлер 44 жастағы ер адамның 48 жастағы әйелімен жанжалдасқанын анықтады

 Еркеғали Болатұлы 30.06.2022 | 11:21
фото: ашық дереккөз

Өскеменде ер адам жанжалдан кейін үйді өртеп жіберді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Маусым айының ортасында Өскемен қаласының «102» жедел арнасына Тынышпаев көшесінің бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Қаскүнем ұсталды. Жауап алу кезінде ол үйді өртегенін мойындады, - делінген хабарламада.

Полицейлер 44 жастағы ер адамның 48 жастағы бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, оның үйін қасақана өртеп жібергенін анықтады. Келтірілген шығын шамамен 6 миллион теңгені құрайды.

ҚР Қылмыстық кодексі 202-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама