×

Ақмолада 137 шетелдік жауапқа тартылды

Рейд барысында 218 әкімшілік хаттама толтырылды

 Динара Амантай 30.06.2022 | 10:33
Фото: polisia.kz

Ақмолада көші-қон заңнамасын бұзған 137 шетелдік жауапқа тартылды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола полицейлері көші-қон заңнамасы бұзушыларын анықтау мақсатында рейдтер жүргізіп, жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде 218 әкімшілік хаттама толтырды. Шақырылған шетелдіктер Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша 137 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетел азаматтарына тұрғын үй бергені және ішкі істер органдарын олардың келгені туралы уақтылы хабардар етпегені үшін 57 қабылдаушы адам жазаланды, – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін Ақкөл, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград, Астрахан, Бурабай, Ерейментау, Аршалы, Шортанды аудандарынан, Біржан Сал ауданынан және Көкшетау қаласынан 24 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен алты шетел азаматын шығарып жіберу туралы шешім қабылданды, 16 шетелдікке болу мерзімі қысқартылды.

Сонымен қатар, 28 маусымда Көкшетау қаласы Полиция басқармасы мен Бурабай ауданының ПБ қызметкерлері облыс орталығы мен Щучинск қаласында салынып жатқан объектілерде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Өзбекстан Республикасының 18 азаматын анықтады. Екі дерекке сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама