Түркістан облысында сатылып кеткен малдардың саулығына кепілдік жоқ

Еркеғали Болатұлы

Бір ғана Түлкібас ауданының өзінде 9 ауылдық округте тұрғындардың малы дер кезінде тіркеуге алынбаған

фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының прокурорлары өңірде сатылып кеткен малға да «екпе егілді» деп есеп берілгенін анықтады. Төрт түлік арасында тарайтын аса жұқпалы ауруларға қарсы екпелер уақытылы салынбаған. Бірақ жалған құжаттар толтырылып отырған.

Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, бұлайша белден басу әсіресе Жетісай, Түлкібас және Сайрам аудандарында болған. Бір ғана Түлкібас ауданының өзінде 9 ауылдық округте тұрғындардың малы дер кезінде тіркеуге алынбаған.

«Әр мал иесінен 10-20 мал басының базаға енгізілмеген фактілері анықталды. Ал шын мәнінде оларға қағаз жүзінде «вакциянация салынған» деген жазбалар жазылған. Осылар бойынша әрбір ветқызметкерден, ветдәрігерлерден түсініктемелер алынды. Енді ветеринарлық пункттердің меңгерушілері, оның филиал басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады», - дейді облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры Асылбек Тұршеков.