×

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Бір отбасындағы 6 бала жарақат алды

 Дастан Жұмабекұлы 30.06.2022 | 09:08
фото: ҚазАқпарат

Қарағанды облысының Нұра кентінің маңында жол апаты болды. Екі көлік соқтығысып, автокөліктің жүргізушілері қаза тапты. Жеті бала зардап шекті.

Жол апаты 28 маусым күні сағат 21.45-те Нұра ауылынан 4 шақырым жердегі «Жараспай-Нұра» автожолында болған. Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, «Хонда Одиссей» автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі өзіне қарама-қарсы келе жатқан «Фольксваген Гольф» автокөлігімен соқтығысып, бірден көз жұмған. «Фольксвагеннің» 25 жастағы жүргізушісі медициналық мекемеде қайтыс болды.

Жол апатынан «Фольксваген Гольф» автокөлігінің жолаушылары зардап шекті. 37 және 33 жастағы ерлі-зайыпты және олардың 11, 8, 7, 6, 5 және 2 жастағы балалары, сондай-ақ 19 жастағы әйелдің інісі медициналық мекемеге жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама