×

Елімізге 7 мыңнан аса дәрігер жетіспей жатыр

Бір таңқаларлығы, білікті мамандар басқа емес, елорданың өзінде жетіспейді

 Еркеғали Болатұлы 29.06.2022 | 18:03
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының Акушерлік гинекология және перинатология ҒЗИ-ында босанған 30 жастағы ана қайтыс болғаннан кейін және оның туыстарының әйелге дәрігерлер дұрыс қарамады деген болжамдарынан соң Orda.kz редакциясы Денсаулық сақтау министрлігіне кадрларға қатысты жағдайды білу үшін сұрау хат жолдаған екен. Ал ведомство елімізде дәрігерлердің жетіспеушілігі өте өткір мәселенің қатарында екенін хабарлаған.

Ресми статистикаға сәйкес, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша денсаулық сақтау жүйесінде 14 678 кадр тапшы екені белгілі болған десек, оның 7 мыңнан астамы – дәрігерлер. Бір таңқаларлығы, білікті мамандар басқа емес, елорданың өзінде жетіспейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, астанада 1 536 дәрігерлік лауазым бос тұр. Екінші орында Қостанай облысы, онда 738 дәрігер жетіспейді. Ал үшінші Алматы облысында ауруханаларға 458 штат жетіспейді.

Ведомствоның мәліметінше, 811 терапевт маман қажет. Төмендегідей басқа мамандардың да тапшылығы байқалады:

Анестезиологтар – 787;

Рентгенологтар – 388;

Жұқпалы аурулар мамандары – 401;

Жалпы тәжірибедегі дәрігерлер – 498;

Педиатрлар – 304.

Акушерлік және гинекология саласына жоғары санатты 291 дәрігер қажет екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қазақстан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алғашқы алтынын жеңіп алды

Әлемдік дода Түркияның Изник қаласында өтіп жатыр
02.10.2022 | 15:33

Алматыда бір отбасы жол апатынан зардап шекті

Оқиға жаяу жүргіншілер өткелінде болды
02.10.2022 | 14:22

Аймағамбетов мұғалімдерді Ұстаздар күнімен құттықтады

Білім беру саласында 500 мыңға жуық педагог еңбек етеді
02.10.2022 | 13:07

127 адам қаза болды: Индонезия президенті стадиондағы жанкүйерлердің өлімін тергеуді тапсырды

Дәрігерлердің айтуынша, өлім жағдайларының көбіне тұншығу себеп болған.
02.10.2022 | 12:04