Halyq Uni логотип
×

Қалаларды, аэропорттарды адам есімімен атауды тоқтату керек! – Роза Мұқанова

«Халық қалап отыр», «Халықтың сұрауы» дегендей жалған пафосты да доғарған дұрыс

 Еркеғали Болатұлы 29.06.2022 | 17:32
Қалаларды, аэропорттарды адам есімімен атауды тоқтату керек! – Роза Мұқанова
фото: ашық дереккөз

Бұл мәселені белгілі жазушы Роза Мұқанова өзінің Facebook-тегі парақшасында көтерді.

«Мені жеп қойсаңдар да ойымды айтқым келеді. Қалаларды, аэропорттарды адам есімімен атауды тоқтату керек! Тарихи қалаладың атымен аталғаны дұрыс. Аэропорттар өз облыстарының, қалаларының атымен қалғаны жөн. Ғалым да, ғұлама да ашқан жаңалығымен, ұрпаққа қалдырған мұрасымен мың жасайды. Күні ертең тозығы жетіп, қирап қалатын нысандарға есім беруді саяси науқанға айналдыру ұлттың жоқтайтын дүниесі емес», - дейді қаламгер.

Оның айтуынша, «Халық қалап отыр», «Халықтың сұрауы» дегендей жалған пафосты да доғарған дұрыс. Президентке одан гөрі халық шынымен сұрап отырған тозығы жеткен жол, ауыз су, жайылым мәселесін жеткізген маңызды.

Халықтың атын жамылып, әр нәрсені президентке ұсына бермеу ләзім. Қаптаған көше аттары, мектеп аттары, кітапхана аттары, мәдени орталық аттары, кітапханаға кірсең, кабинеттерге дейін атын беріп, есімін айшықтап тастаған. Астанадағы Ұлттық кітапханаға, тіпті, кітап қорын бермегендер де өздерінің есімімен зал ашып тастаған, - деді жазушы одан әрі.

Осы орайда ол Ұлттық кітапханаға осы уақытқа дейін талай миллиардтар бөлінгенін, ал қолды болған кітаптар сол бойы жабулы қазан күйінде қалғанын жеткізді.

«Ойбай, чип жоқ, чип болмаған соң кітап ұрланады» деген алдаусыратқан сылтауды да естідік. Бұл деген әркім келіп бір сарып кететін жер емес қой!» - деп түйіндеді сөзін Роза Мұқанова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама