Мектептедің бірінде сынып жетекшісінен 19 тармақ бойынша ақпарат талап етілген
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның бүгінгі аппарат жиналысында педагогтерді артық есеп беруден босатуды тапсырып, мектеп директорлары мен білім бөлімдері мен басқарма басшыларына ескерту жасады.
Асхат Аймағамбетов қолданыстағы ережелерге қарамастан, мектептедің бірінде сынып жетекшісінен 19 тармақ бойынша ақпарат талап етілгеніне назар аударды.
Министр білім басқармаларына бұл мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды. Егер артық есеп беруден босату бойынша тапсырма орындалмаса, мектеп директорлары ғана емес, сонымен қатар білім бөлімдері мен басқармаларының басшылары да жауапкершілікке тартылады.
Еске салайық, 2020 жылы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді шамадан тыс есеп беруден арылтатын заң жүзіндегі негіз пайда болғанын, министрлік бекіткен нақты тізім барын хабарлаған. «Педагог мәртебесі туралы» заңға және Әкімшілік кодекске сәйкес, мұғалімдерден бекітілген тізімнен өзге құжаттар бойынша артық есепті талап еткендерді арнайы орган айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тартуға болады.