Былтыр қолма-қол ақшасыз тауар айналымы 8,4 триллион теңгеден асты
Kaspi.kz басшысы және оның негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру және IT саласын дамыту мәселелеріне арналған Үкіметтің кезекті отырысында сөз сөйледі.
Nur.kz-тің хабарлауынша, отырыста ол Қазақстан цифрландыру деңгейі мен мемлекеттік қызметтердің азаматтарға қолжетімділігі бойынша тамаша нәтижелер көрсетіп отырғанын, халық Kaspi.kz қосымшасының көмегімен 7 мыңнан астам қызметке комиссиясыз, онлайн төлем жасап, туыстары мен достарына ақша аударатынын, ақшаларын қосымшада ұстап, әуе және теміржол билеттерін сатып алатынын, 2 миллионнан астам тауарды тегін жеткізу қызметін онлайн сатып алып, пайдаланатынын айтты.
Оның айтуынша, қазір электронды коммерция және мобильді коммерция платформасына 125 мыңнан астам кәсіпкер қосылған. Kaspi.kz көмегімен олар Қазақстанда сату көлемін арттырып, бизнесін дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып жатыр.
Сонымен бірге біз мемлекеттік органдармен біріге отырып, мемлекеттік қызметтерді азаматтарға мобильді қосымшаның экранынан онлайн режимде қолжетімді жасаймыз. Бұл мемлекеттік органдардың цифрлық бастамалары мен табысты ынтымақтастығымыздың арқасында мүмкін болды, - деді Михаил Ломтадзе.
Компания басшысы цифрлық бастамаларды қолдағаны үшін Қазақстан Президентіне, Премьер-министрге, Үкіметке, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылығы мен қызметкерлеріне, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Оқу және ағарту министрлігі, Еңбек және халықыт әлеуметтік қорғау министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «ҰАТ» АҚ-на алғысын білдірді.
Егер біз күш салмасақ Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру қысқа мерзімде көрсетіп отырған фантастикалық жетістіктерге жету мүмкін емес еді, - деп атап өтті Михаил Ломтадзе.
Оның сөзінен белгілі болғандай, 2021 жылы 7 миллионнан астам қазақстандық Kaspi.kz қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінің қолданушысы болды. Kaspi.kz арқылы 446 млрд теңге салық төленген. Онлайн 286 000 көлік тіркелген – бұл елдегі әрбір үшінші көлік. 2 миллион қазақстандық цифрлық құжаттарды белсенді пайдаланады. 2021 жылы Kaspi.kz көмегімен 66 000 кәсіпкер ЖК ретінде тіркелді. Ал 2022 жылдың 5 айында өткен бір жылдағыдан көп кәсіпкер тіркелген. Сондай-ақ іске қосылғаннан бері 500 000 әлеуметтік шот ашылды. Автокөлікті онлайн тіркеу – әлемде теңдесі жоқ бірегей процесс. Kaspi.kz мобильді қосымшасында қазақстандықтар көлікті сатады, сатып алып, қайта тіркейді, алымдар мен жарналарды төлеп, нөмір таңдай алады.
Бұл қызмет Kaspi.kz, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ішкі істер министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «ҰАТ» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.
Сондай-ақ ол Kaspi.kz басшысы компанияның әсіресе кәсіпкерлер үшін ең заманауи төлем терминалдарын, бағдарламалық қамтамасыз ету мен төлем технологияларын әзірлегенін, терминалдар төлемді карталармен де, Kaspi QR арқылы да қабылдайтынын айтты.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде кәсіпкерлерге 276 мыңнан астам төлем терминалдары тегін берілді. Бұл сауда-саттықтың қолма-қол ақшадан қолма-қол ақшасызға өтуі үшін бірегей платформа жасады. Соның нәтижесінде Қазақстанда қолма-қол ақшасыз тауар айналымы қарқынды өсуде. 2021 жылы ол 8,4 триллионнан астамды болып, 85%-ға өсті. Бұл әлемдегі ең жоғары өсу қарқынының бірі.