Қаңтар оқиғасына қатысты көптеген сұраққа құзырлы органдар жауап берді – Мәжіліс төрағасы
Бүгін Мәжілістің екінші сессиясының жұмысы аяқталды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов атқарылған жұмыстарға тоқталып, депутаттардың еңбегін жоғары бағалады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ол бұл сессия күллі қоғам үшін жауапты әрі күрделі кезеңде өткенін атап өтті.
«Депутаттардың Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша республикалық референдумды қолдап жүргізген өңірлердегі жұмысын ерекше атап өткім келеді. Сонымен қатар азаматтардың өтініштерін жинақтап қорыту және оларды шешу үшін Үкіметке жіберу практикасы жоғары нәтиже берді. Бұл тәжірибе проблемаларды жедел шешуге ықпал етті. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бұл жөнінде жалпы отырыста айтты», - деді Мәжіліс төрағасы.
Ерлан Қошанов қаңтар оқиғасына да тоқталды.
Қаңтардағы қайғылы оқиғаны тергеу барысы туралы мәселе Мәжіліс отырысында егжей-тегжейлі қаралды. Сол отырыста құзырлы органдар тарапынан қоғамда туындаған көптеген сұраққа жауап берді, - деді ол.
Айта кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде 230 адам көз жұмды.