Алматыда таксист қазақша амандасқаны үшін жолаушыға доқ көрсетті
«Яндекс» 1 500 теңге төлеп, жазадан құтылып кетті
Алматыда Ұлпан Құрайысова есімді азамат қазақ тілінде амандасқаны үшін таксисттен қорлық көргенін айтты.
Ол Facebook-те «Яндекс» таксидің жүргізушісімен болған оқиғаның мән-жайын айтып, Бас прокуратура мен қалалық полиция департаментіне арыз жазды.
Оның айтуынша, «Яндекс» таксидің жүргізушісі қазақ тілінде амандасқаны үшін ана тілімізді қорлап, доқ көрсеткен. Содан кейін таксист оны көліктен қуып шығып, төрт жастағы қызының көзінше заттарын көшеге лақтырып жіберген.
Осыдан кейін таксисттен қорлық көрген азамат «Яндекс» такси паркіне хабарласып, көмек сұраған. Алайда компанияның өкілдері одан кешіріп сұрап, 1 500 теңге жолақысын қайтара салған. Қазір жолаушы осыған намыстанып, қазақ тілінің аяққа тапталғаны үшін Бас прокуратура мен қалалық полиция департаментінен заң жүзінде таксист пен «Яндекс» такси паркіне шара қолданушы сұрап отыр.