Halyq Uni логотип
×

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК-нің 8 қызметкері адамды азаптағаны үшін қамауда отыр

Олар қызметінен босатылған

 Дәурен Ерболат 29.06.2022 | 12:42
Қаңтар оқиғасы: ҰҚК-нің 8 қызметкері адамды азаптағаны үшін қамауда отыр
Фото: vlast.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптады деген күдікке 15 адам ілінді. Оның тоғызы қамауда отыр. Бұл туралы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

9 адам қамауда отыр. Оның сезігі – Ұлттық қауіпсіздік қызметкері, біреуі – полиция қызметкері. Олардың арасында Ұлттық ұланның қызметкерлері жоқ, тек полиция мен ҰҚК қызметкерлері бар, - деді Әсет Шындалиев Мәжіліс отырысынан соң журналистерге.

Ол қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптау фактісі бойынша басқа да деректер тексерілгенін атап өтті.

15 адам күдікті деп танылды, оның тоғызы қамауда отыр. Біз оларды кінәлі деп тани алмаймыз, олар қазір күдікті болып саналады. Олардың барлығы қызметінен босатылды. Қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр, - деді Бас прокурордың орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама