×

Алматылық келіншек өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Аталған іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 29.06.2022 | 11:47
Коллаж: Halyq Uni

Алматылық келіншек өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Алматы қаласының тұрғыны Фидан Абилованың қайтыс болған танысы бір кездері белгісіз себептермен бірнеше мәрте қыздың аты-жөнін қолданған болып шықты. Алғашқы кезде көмекші болып келген марқұм қарызға ақша алады. Кейіннен ол Фидан Абилованың мәліметтерін өз құжаты ретінде пайдаланып, ауруханаға жатқан.

Мұның бәрін былтыр  26 қыркүйекте білдім. Менің жеке куәлігімді көшірмеден өткізіп, білгенін істепті. Ол қайтыс болып кетті ғой, ал мен әлі де өзімнің тірі екенімді дәлелдей алмай құжат жинап жүрмін, – деді қала тұрғыны Фидан Абилова.

Келеңсіз жағдайға тап болған әйел жиналған құжаттың бәрін прокуратураға өткізгенін айтады. Кейіннен мәлім болғандай, қайтыс болған адам Абилованың аты-жөнін 6 айдай қолданған екен. Қазір аталған іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

«Азаматшаның прокуратураға берген арызының негізінде актілік жазбаның күшін жою туралы талап енгізілді. Нәтиже бойынша зардап шеккен адамның бұзылған құқығы қалпына келтірілді», – деді  Түрксіб ауданының прокуроры Айбек Бәрпібаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама