×

Телефон алаяқтары Қостанай қаласының әкімінен карта мәліметтерін сұраған

Өңірде 141 интернет-алаяқтық эпизодын жасаған 31 күдікті анықталған

 Еркеғали Болатұлы 29.06.2022 | 11:58
фото: ашық дереккөз

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев аппарат отырысында өзін телефон алаяқтары алдамақ болғанын жеткізді. Айтуынша, оған жеке деректерін айтуын сұраған қоңыраулар түскен.

Аппарат отырысында полицейлер биыл Қостанай облысында 141 интернет-алаяқтық эпизодын жасаған 31 күдікті анықталғанын хабарлады. Қала әкімі де тұрғындардың алаяқтар арбауына жиі түсіп жатқанын атап өтті.

«Бұл айсбергтің бір ұшы ғана. Шындығында полицияға барлығы бірдей арызданбайды. Қарт кісілер де, жастар да алданып жатады. Алаяқтыққа өзім де куә болдым. Маған телефон шалып, картамның мәліметтерін айтып беруімді сұрады. Бүгінде телефон және интернет алаяқтары өте көп. Бұл қылмыстық әрекеттер халықаралық сипатқа ие. Тұрғындар арасында жүйелі түрде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды сақтыққа, қырағы болуға шақыру маңызды», - деді Марат Жүндібаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама