Әскерге барғысы келмеген колледж түлектері терезеден секірді (ВИДЕО)
Шақырту қағазын алғандар комиссариатқа келуге міндетті
Әскерге барудан қашқан студенттердің видеосына Қорғаныс министрлігі түсніктеме берді.
Әскери комиссариат қызметкерлерінің айтуынша бұл – 10 күн бұрын түсірілген видео. Онда колледж түлектерінің терезе арқылы әлдебіреулерден қашып жүргенін көруге болады. Әскери борышын өтеуден жалтарғандарға қыздар көмектесіп, асхана арқылы қашуға кеңес беріп жүр.
Негізі бұл күні қыз-жігіттерге диплом табысталып, оқу орынында кішігірім мереке болған. Алайда көңілді кешті әскери комиссариат қызметкерлері бұзған. Сол сәтте әскерден қашқандар терезе арқылы сытылып үлгеріпті.
Министрліктің хабарлауынша, оларды ешкім күштеп әкетпейді. Сол күні бозбалаларды жай ғана медициналық тексеруге апару көзделген. Ал әскерде қызмет ету – әр азаматтың борышы. Шақырту қағазын алғандар комиссариатқа келуге міндетті.
Жалтарғандарға жауапкершілік қарастырылған.