Қазақстан басшысына такси паркінің қызметін пайдалануға тыйым салынды
Абхазиядағы «А-Такси» компаниясы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Джо Байденді қара тізімге кіргізіп, такси паркінің қызметін пайдалануға тыйым салды.
«А-Такси» компаниясының директоры Александр Басарияның айтуынша, ол Қазақстан басшысын қара тізімге Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда Абхазияның тәуелсіздігін мойындамағаны үшін кіргізген.
Ол «Газета.Ru-ға» берген сұхбатында Қазақстан президентінің мәлімдемесі такси парктің жұмысшыларының ғана емес, барлық Абхазия халқының ашуына тигенін айтты.
«Сол себепті Тоқаев қара тізімнен шығу үшін халықтан ресми түрде кешірім сұрауы керек», - деді ол.