Halyq Uni логотип
×

Түркістанда 5 жасар баланы зорлаған үш баланың әкесі сотталды

Сот үкім шығарарда оның бұрын сотталмағанын, қылмысына шын өкінгенін ескерді

 Қанат Атаманов 29.06.2022 | 00:00
Түркістанда 5 жасар баланы зорлаған үш баланың әкесі сотталды
Фото: ашық дереккөздерден

Оқиға Түркістан облысы Шұбарсу ауылында болған. Ер адам көшеде ойнап жүрген бес жастағы баланы «Үйге жүр, балаларыммен ойнайсың» деп үйіне алдап кіргізіп, азғындық әрекет жасаған.

Азаматтың өзінің үш баласы бары анықталды. Кейін оны полиция қызметкерлері қамауға алып, ҚК 121-бабының 4-бөлімімен («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») істі сотқа жеткізген. Оған қатысты сот үкімі шықты.

Оның қылмысы сот сараптамасының қорытындысы, жәбірленуші мен куәлардың жауаптары арқылы дәлелденді. Сот үкім шығарарда күдіктінің бұрын сотталмағанын, қылмысына шын өкінгенін ескерді.

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен азамат 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары, яғни қатаң режимдегі түрмеде өтейді.

Сот үкімі күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама