Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 7 бағыт бойынша байқауға қатысты
Астанада «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер спорт, кітап оқу, еріктілік және ұлттық мұра сияқты 7 бағыт бойынша байқауға қатысты. Оның 24-і алтын, 100-і күміс, қалғаны қола жүлдеге ие болды. Қатысушыларға тәлімгерлер күнделікті тапсырма беріп, оның орындалуын бақылап отырды. Бағдарламаның басты мақсаты – дарынды балалар мен жастарды, сондай-ақ елдегі кәсіби мамандарды қолдау, оларды дамыту.
«Елбасы медалі» жобасына соңғы үш жылда 29 мың жас қатысқан. Н.Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлының айтуынша, «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқуға түсер алдында үлкен бәсекелік басымдыққа ие болады. Байқауда 14-29 жас аралығындағы жастардың бойында қоғамды өзгертуге, білімін дамытуға деген мақсат мықты болады. Комиссия соны басымдыққа алды.