×

Елімізде тұрмыстық техника қымбаттаудың алдында тұр

Баға өсіп жатса халықтың сұранысы күшті

 Дастан Жұмабекұлы 28.06.2022 | 17:16
фото: ашық дереккөз

Биылғы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша елімізде тұрмыстық техника бағасы бір жылда 18,1%-ға өсті. Бағаның көтерілуі Алматы облысынан байқалды. Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да 20 пайызға дейін көтірілген. Оның ішінде тоңазытқыш пен мұздатқыш жылына 15,8%- ға, ас үй плиталары 17,2%- ға, кір жуғыш және ыдыс жуатын машиналар 22% -ға, шаңсорғыш 25,1%-ға қымбаттады.

Elorda.info-ның хабарлауынша, халықтың 100 пайыз ас үй плитасымен, 99,7 пайыз тоңазытқыш, 96,1 пайызы кір жуғыш машинасымен, 94,1 пайызы шаңсорғыш, 79,1 пайызы қысқа толқынды пешпен қамтылған.

Елімізде мұздатқыш камера, мультиварка, тігін машинасы, кондиционер,жылытқыш, ыдыс жуғыш машина сияқты тұрмыстық құралдарды сатып алып жатқан адамдар аз.  

2021 жылы сауалнамаға еліміздің барлық өңірлерінде 11,7 мың адам қатысты. Соның нәтижесі көрсеткендей, қала тұрғындары ауыл халқына қарағанда кір жуғыш машина, шаңсорғыш, микротолқынды пеш, мультиварка, кондиционер, жылытқыш, ыдыс жуғыш машина сияқты тұрмыстық техникамен көбірек қамтамасыз етілген. Ал ауыл тұрғындарының үйлері көбінесе тоңазытқыш, мұздатқыш, тігін машинасымен қамтылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Мақсатымыз – эмоционалдық қолдау»: Кез келген адам балалар үйінде тәлімгер бола алады

Қазақстанда 4 мыңнан астам бала жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр
01.12.2022 | 16:06

Иранда ереуілшілер өз футболшыларының жеңіліп қалғанын тойлады

Халық билікке қарсылығын осылайша білдіріп отыр
01.12.2022 | 15:58

Жамаубаев қазақстандық делегацияны бастап Жапонияға барды

Онда елімізге инвестиция тарту мәселесі талқыланады
01.12.2022 | 15:52

Павлодар облысының әкімдігі Екібастұздағы жарылысқа жеке ПИК-терді кінәлап отыр

Олар жөндеу бригадаларын күтпестен, өз беттерінше әрекет жасаған көрінеді
01.12.2022 | 15:31