Halyq Uni логотип
×

Кәсіпкерден 15 млн теңге талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды

Қылмыскерлерден бірнеше қару-жарақ тәркіленді

 Динара Амантай 28.06.2022 | 16:25
Кәсіпкерден 15 млн теңге талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
Фото: antikor.kaz

Мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін пара ретінде ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

25 маусымда аталған адам 15 миллион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы – «ТТ» және «Smith&Wesson» маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді, – делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін сыбайлас жемқорлық үшін ШҚО-да бір мекемеден 7 қызметкердің сотталғанын жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама