Halyq Uni логотип
×

Солтүстік Қазақстан облысында көкжөтел ауруы тіркелді

Бұл ауру негізінен балалар арасында тарайды

 Самат Жақып 28.06.2022 | 14:35
Солтүстік Қазақстан облысында көкжөтел ауруы тіркелді
Облыстық балалар ауруханасы

Солтүстік Қазақстан облысында көкжөтел ауруы тіркелді. Жергілікті эпедемиологтар биыл 5 айда Петропавл қаласында көкжөтелдің зертханалық тұрғыда расталған бір жағдайды анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Індетке шалдыққан облыс орталығының кішкентай тұрғыны болып шықты. Қазір ол тиісті ем-дом қабылдап жатыр. Балалар арасында тарайтын дерт уақытылы емделмесе, бактериалды өкпе қабынауына әкелуі мүмкін.

«Көкжөтел - бұл көбінесе балаларда байқалатын және белгілі бір клиникалық көрінісі мен белгілері бар инфекциялық ауру. Көкжөтелдің ерекшелігі - тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы. Жиі асқынуы екі жасқа дейінгі балалар мен қарттарға тән. Алайда, кез келген жаста ауру әл-ауқатты едәуір нашарлатуы мүмкін, сондықтан көкжөтел белгілері мен инфекцияның алдын-алу әдістерін білу керек», - дейді СҚО санитариялық-эпедемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағандықов.

Көкжөтел ауруының белгілері тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас болып келеді. Яғни, науқастың дене қызуы күрт көтеріліп, қалтырай бастайды. Артынша басы ауырып, әлсіздік болады. Сонымен қатар мұрын бітеліп, құрғақ жөтел пайда болады. Осылайша шырышты қабықтың ісінуі де пайда болуы мүмкін.

Қоздырғыштың берілуі инфекция жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа-тамшы арқылы жұғады. Ауру адам аурудың айқын сатысы басталғаннан кейін 30 күн ішінде алғашқы патологиялық көріністерден инфекцияны тарата бастайды. Жөтел қарқыны сияқты белгі биологиялық сұйықтықтағы (сілекей, шырышты қақырық) қоздырғыштың таралу деңгейімен байланысты, - дейді Айнаш Сағандықов.

Көкжөтелге қарсы негізгі алдын алу шарасы - вакцинация. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, алғашқы вакциналардың бірі – балаларды 3 аурудан: дифтерия, сіреспе және көкжөтелден қорғайтын біріктірілген AКДС вакцинасы. Көкжөтелден максималды қорғану үшін балаларға 2 айдан басталатын 3 вакцина алу керек. Келесі вакцинация 4 айда, ал үшіншісі бір жарым жаста жүргізіледі. Аурудың өсуінің негізгі себебі - ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы. Қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты балаларды көкжөтелге қарсы уақытылы вакцинациялау және ревакцинациямен жоғары деңгейде қамтамасыз ету керек. Мұнымен қоса инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң сақтау қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама