×

«Жайық Жарығы» ЖШС-нің директоры 2 жылға сотталды

Ол мемлекеттік бюджетке 4 млн теңгеден астам залал келтірген

 Динара Амантай 28.06.2022 | 11:43
Фото: @zhaik_zharygy

ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті «Жайық Жарығы» ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында 2019 жылы ЖШС басшысы Атырау облысы Құлсары қаласының аумағын жарықтандыру үшін 150 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы болып танылғаны белгілі болды. Алайда ол мелекеттік сатып алу бойынша рәсімделген құжаттарда көрсетілген жарық шамдарды орнатудың орнына, арзан нашар сападағы жарық шамдарға ауыстырып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иеленген. Осы әрекетімен мемлекеттік бюджетке 4 млн теңгеден астам залал келтірген.

Сот үкімен аталған серіктестік басшысы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚК-нің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама