Оқиға кезінде анасы басқа бөлмеде болған
Семей қаласында 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап көз жұмды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға 27 маусым күні сағат 17-00 шамасында Панфилов көшесінде болған. 6-қабатта орналасқан пәтердегі ашық терезеден 3 жасар бала құлап көз жұмды. Баланың анасы сол уақытта көрші бөлмеде болған.
Көп жағдайда балалардың терезеден құлау себептері - терезелері ашық үйде қараусыз қалу, терезелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы темір тордың және өзге де құрылғылардың болмауы, терезе жанында үстелдің, орындық пен диванның орналасуы. Сондай-ақ қорғаныш болып көрінетін москит торлары да үлкен қауіп төндіреді, – деп ескертті ведомство өкілдері.
Бұған қоса ТЖД қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіздік шараларын үнемі қаперде ұстауға шақырды.