Тұрғындардың тек 9,6%-ы жеке адамдарға сенеді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров қазақстандықтардың басым бөлігі мемлекеттік медиаға сенетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ол деректер Internews in Kazakhstan-нан алынғанын жеткізді.
Қазақстандықтар үшін танымал, әрі сенімді ақпарат көздері қайсы деген мәселеге тоқталайын. Internews in Kazakhstan дерегінше, қазақстандықтардың басым бөлігі теледидарға сенеді – 58,1%, интернеттегі сайттар – 34,3%. Сондай-ақ бұқараның жартысынан көбі мемлекеттік медиаға сенеді – 54,1%, ал 9,6%-ы жеке адамдарға сенеді, - деді Асқар Омаров Үкімет отырысында.
Ведомство басшысы президенттің тапсырмаларын іске асыру аясында министрлік БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.